31.07.2017

«Қорғас» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық орталығы» АҚ өз жұмысын 2012 жылдың желтоқсанында бастады. Осы уақыт аралығында екі ел арасындағы транзиттік жүк тасымалы 1,35 млн тоннаны құрады. ҚХР мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалының өсіміне қарамастан соңғы алты айда 672 мың тоннаға арты, өткізу қуаттылығы 15 млн тоннаға жететін станция өз күшін толық қолдабай отыр. «Бір белдеу-бір жол» жобасын дамыту арқылы көптеген елдер өз логистикалық қуаттылығын құра бастады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалын 2 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Қорғас Орталық Азия елдері үшін аса маңызды», - деді Ма Инона.
Ол айтып өткендей, Қазақстаннан Қытайға жүктің 30 пайызы жеткізіледі. Қалғаны – үшінші елдерден жеткізілетін тауар, ол ҚХР-ға Қазақстан транзиті арқылы автокөлік тасымалданады.


«Аталмыш көрсеткіштер бәрінен бұрын артуда, Қазақстан астық пен ұнның бірінші және екінші санаты бойынша экспорт шығарса да, сан бойынша артта қалып келе жатыр. Бүгінде аталмыш тауарлар СҰАА-да сұраныс туғызып жатыр», - деді ол.
СҰАА ғылыми-биологиялық құрам өнеркәсібінің жетекшісі Джао Фенхэ өз кезегінде соңғы кездері автономдық аймақ қазақстандық үшінші санаттағы астықты белсенді түрде сатып алып жатқанын айтты.


«Бір белдеу – бір жол» Қытай мен Орталық Азия бес елінің логистикасының дамуына аса әсер етеді. Оның ішінде, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты логистикаға ерекше әсер етеді. Себебі ол, темір жол көлігімен айналысады, ал рельстер барлық жерде әртүрлі. Екі рет ауыстырады. Алдымен Қазақстан алдында, кейін Батыс Еуропа алдында. Бес сағат ішінде 547 вагон. Қорғастың жүк тасымалдау қуаттылығы – 15 млн тонна. Алайда, 100 пайызға дейін орындалмай отыр. Жеткізілетін жүктің 30 пайызы Қазақстаннан жеткізіледі. Синьцзян – Ұйғыр автомномды ауданы мал шаруашылығы саласында да ақырын дамып келе жатыр. Қазақстандық АШМ өкілдері бұны үлкен жетістікке балап отыр», - деді Д.Фенхэ.
Алтынкөл станциясындағы «ҚТЖ» АҚ жүк тасымалының қызметкері Айдос Торпанов айтып өткендей, қазақстандық тараптан кеденде жүк көпке дейін тұрып қалмайды.



«Негізінен, жүк қытайлық тараптан станцияға келеді. Қорғастан қазақстандық тарап арқылы жүк Орта Азия, Еуропа мен үшінші елдерге жөнеледі. Қытайдан да жүк тасымалының көлемі үлкен, нарықта бар барлық жүк ҚХР-дан жеткізіледі. Сондай-ақ, Қытай астық, ұн мен түрлі-түсті металл жеткізеді. Тауар айналымдары артып жатыр. Транзит кезеңдеп артып келеді. Қытайға Қазақстан арқылы автокөлік арқылы жүк жеткізіледі. Қазақстандық тараптан ұн мен астық жеткізіледі. Қазақстандық тараптың жүгі кеденде көп уақыт тұрып қалмайды. Жүк станцияның өткізу орнында тұрады, себебі теңіз порттары Қорғас «құрғақ» портынан алыста орналасқан. Алайда, бұл қытай темір жолына қарасты болып отыр. Релсьтердің ұзындығына байланысты дөңгелек құрамын екі рет ауыстыруға тура келіп отыр», - деді А.Торпанов. артып жатыр. Транзит кезеңдеп артып келеді. үк ҚХР-дан жеткізіледі. кеденде жүк көпке дейін тұрып қалмайды.
Айта кетейік, «Бір белдеу- бір жол» жобасын құру бастамасын ҚХР Төрағасы Си Цзыньпин 2013 жылы Орталық Азия елдеріне жасаған сапарында айтқан болатын. Сол кезден бастап Қазақстан мен Қытай арасында көлік саласында жобалар жүзеге асырыла бастады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» экономикалық саясатында маңызды жобалар айтылған. «Бір белдеу-бір жол» жобасын көптеген елдер қолдады. Аталмыш қытай бастамасының мақсаты Қытайдың қатысуымен әрекеттегі өңірлік екіжақты және көпжақты механизмдерді нығайту көмегімен дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа моделін ілгерілендіру және қалыптастыру болып табылады. Жібек жолын дамыту негізінде «Бір белдеу, бір жол» өңірлік экономикалық серіктестіктің жаңа әдісін әзірлеу, құрамдағы елдердің экономикасын гүлдендіруге ынталандыру, әртүрлі өркениеттер арасында барлық сала бойынша байланыс пен мәдени айналымды нығайтуды қарастырады.
«Бір белдеу-бір жол» аясында 2017 жылдың 7 маусымында Үрімші-Астана халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылды.
Қайрат Жандыбаев