27.07.2017
Кездесу басында ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин делегация өкілдерін Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырды.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК" АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев шетелдік қонақтарға компания іске асырып жатқан ҚР-дағы ғарыш технологиялары жобалары туралы айтып берді.
Бұдан бөлек, ол республикада мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен бизнестің тиімді пайдалануы мақсатында, Ұлттық кеңістік деректері инфрақұрылымын құру жұмысы жайында да мәлім етті.
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінде хабарлағандай, Челябинск облысының делегациясы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысына ерекше назар аударды.
Делегация болашақ Арнайы құрылымдық-технологиялық бюро ғимаратын қарап шықты, оны биыл пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары айқындалды.
Айта кету керек, Челябинск облысы кәсіпорындарының бірі – Миасс медициналық жабдық зауыты, ол таза үй-жайлар кешенін дайындаумен айналысады және 2015 жылдан бері "Ғалам" ЖШС-мен және "ҚҒС" ҰК" АҚ-мен бірге жұмыс жасап келеді.