• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанадағы Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумына 10   елдің кәсіпкерлері келді 20.07.2017

ҚХА хабарлағандай,  Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін кезеңде, қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның болашағы зор бағдарламаларымен танысулары және қазақстандық бизнесмендер тарапынан серіктестерді іздестіру үшін 10-нан астам елден (Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Корея Республикасы, Ресей, Өзбекстан, Украина, Жапония және т.б.) 200-ге жуық кәсіпкерлерді  Астанаға шақырды.

Форумның мақсаты – қазақстандық және шетелдік кәріс кәсіпкерлері өзара іс-әрекет жасауға арналған тұрақты коммуникациялық ақпараттық алаңша құру. 

 Форум шеңберінде «YBLN» шетелдік кәріс бизнесмендері желісінің және өз қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Украинадағы 200-ден астам кәсіпкерді біріктіретін  ТМД елдеріндегі «ОКБК» кәріс бизнес-клубтары бірлестігінің кеңестері өтті. 

« Форумның екінші күнінде шетелдік қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, көрмеге қатысушы елдердің павильондарымен танысқан кезде өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейте түсуге мүмкіндік алады», - делінген хабарламада.   

Айта кетейік,  іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының және Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Шетелдік кәрістерге жәрдемдесу қорының,  Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және  инвестициялар жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.   

 


Back to the list