19.07.2017
Бұл сапарда Индонезия кәсіпкерлері мен аймақ іскерлері арасында байланыс орнату, екі жақты сауда-саттық және инвестициялық мүмкіндіктерін қарастыру, импорт және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері талқыланған.
«Өз кезегінде индонезиялық делегаттар қазан айында Бантенде өтетін Сауда көрмесіне шақырды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Индонезия Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен меморандумға отыру шарасын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылуда.