17.07.2017
«ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Украинаның инфрақұрылым министрі В. Омелянмен кездесу барысында Қ.Алпысбаев теміржол машинақұрылысы саласының экспорттық әлеуеті, Ақтөбе рельсбалка зауытының өнімі және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ туралы кеңінен айтып берді.
Бұдан басқа, қазақстандық тараптың Украинаның көлік саласындағы инвестициялық жобалаларына қатысу мәселесі қаралды.
Украиналық тарап екі мемлекеттің теміржол әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және көлік машинақұрылысы саласындағы өзара қарым қатынасты белсенді етуге қызығушылық танытты.