• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР мен БАӘ арасында іргелі келісімшарттық-құқықтық қор қалыптасқан 17.07.2017

Ведомство хабарлағандай,  қос тараптың жүздесуі барысында екі елдің әлеуметтік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмау мәселелері қаралып, Қазақстан мен Әмірліктер Үкіметтері күнтәртібінде тұрған әлеуметтік басымдықтар жайы таразыланды.

«Шетелдік әріптестермен кездесулердің тиімділі сол, әлеуметтік түйткілдер мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, бірлесе қимылдаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі пайда болады. Бүгін Сіздермен де нақты келісімдер жасау ықтималдығын талқылауға әзірміз», - деді Тамара Дүйсенова.  

Осы орайда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен, әлеуметтік-еңбек саласын қосқанда, бірқатар бағыттарда белсенді ынтымақтастық орнатқанын атап өткен абзал.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 23 мамырында БАӘ Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрі шейх Абдолла бен Заид Әл Нахаян Астанаға ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен, ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен және Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановпен келіссөздер жүргізген еді.

Сапар қорытындысында Қазақстан-БАӘ Іскерлік кеңесін құру іспетті маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылғаны белгілі.

Қазіргі кезде қос ел арасында 80-нен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және мекемеаралық уағдаластықтардан тұратын іргелі келісімшарттық-құқықтық қор қалыптасып үлгерді.

 


Back to the list