15.07.2017
Министр бауырлас елдер өз халықтарының игілігі үшін диалог құру арқылы келіспеушіліктерді жеңіп, дағдарысты реттей алатынына сенім білдірді.
ҚР СІМ хабарлағандай, әңгіме барысында тараптар қаңтарда және наурызда Президент Н.Назарбаевтың Абу-Дабиге және Дубайға сапарлары, сондай-ақ биылғы жылдың мамырында БАӘ сыртқы саяси ведомствосы басшысының Астанаға сапарының қорытындылары тұрғысында Қазақстан – Әмірліктер ынтымақтастығының ағымдағы жағдайын талқылады.
Әңгімелесушілердің айтуынша, екі мемлекеттің көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдени алмасу саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін мүмкіндіктері кең. БАӘ ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысады және Астана халықаралық қаржы орталығын дамытуда өзара іс-қимыл жасауы маңызды мәнге ие болды.
Сондай-ақ Катарға қатысты жағдай, ислам ішіндегі жақындасу перспективалары, өңірлік дауларды реттеу, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау туралы пікір алмасу өтті.