• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Германияның делегациясы Қосшы ауылындағы инновациялық жобаны жоғары бағалады 14.07.2017

Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша келген қонақтарға заманауи неміс жабдығында темір-бетон қонышты құбырлар өндірудің негізгі кезеңдері көрсетілді. Оларды басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы мен «Іскерлік байланыстар» жобасының қазақстандық тағылымдамадан өтушілері қандай нәтижелерге қол жеткізгені қызықтырды.

Кәсіпорынның коммерциялық директоры Таир Муралиев бүгінгі таңда зауыт өнімі елордада ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерінде талап етілетінін айтты. Зауытта өндірісті кеңейту үшін әлеуеті бар.

«Бұл қазақстандық және неміс кәсіпорындары арасында ынтымақтастық жасаудың жақсы үлгісі. Бұл жерде шын мәнінде сапалы өнім өндіріледі», - деп атап өтті Уве Бекмайер.

Зауыт Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған, бұл бірегей әрі маңызды жоба және Қазақстан-Германия ынтымақтастығының ашық мысалы болып табылады.

«Сапа Су» ЖШС – осы министрліктің тапсырмасы бойынша GIZ (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы) іске асыратын басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы түлегінің компаниясы, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Back to the list