14.07.2017
Е.Хаиров Министрліктің негізгі қызмет бағыттары және екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық салалары туралы хабардар етті.
ИДМ хабарлағандай, Кингсли Ахенкора мырза оның Қазақстанға іссапары Қазақстанның инвестицияларды тарту және мұнайгаз секторын дамытудың табысты тәжірибесін зерделеу үшін ұйымдастырылғаны туралы айтты. Бұдан басқа Кингсли Ахенкора мырза Гана қаласында қазақстандық инвесторлар қатысуымен бизнес-форумды өткізуді ұсынды.
Е.Хаиров екі елдің бинес топтарының ынтымақтастығын жақсарту бастамасын қолдады, сондай-ақ бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде сауда-экономикалық саладағы өзара әлеуетін іске асыруға деген үмітін білдірді.
Сондай-ақ сұхбат барысында Кингсли Ахенкора мырза Астана қаласындағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілу деңгейіне таң қалғандығын жасырмады. Ол Ганада күн энергеясын алу бойынша бірлескен жобаларды дамытуды ұсынды.
Е.Хаиров өз кезегінде Қазақстанның ЖЭК қолдану тәжирібесімен бөлісті және кездесу үшін алғыс білдірді.