13.07.2017
СІМ хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі және сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов бастаған еліміздің ресми делегациясы Абиджанда (Кот-д’Ивуар Республикасы) өткен Ислам ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің 44-ші отырысына қатысты.
Жоғары дәрежелі форумның жұмысына ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің ресми делегациялары, сондай-ақ Ұйым жүйесіне кіретін 30 негізгі институттардың бірінші басшылары қатысты.
Отырыс шеңберінде 100-ден астам саяси және басқа да салаларды қамтыған қарар қабылданды.
Олардың ішінде ядролық қарусыздану мен ядролық қару-жарақтың таралуына жол бермеу, дінаралық келістігі, азық-түлік қауіпсіздігі және Семей полигоны мен Арал теңізіне қатысты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерлерге еліміздің барынша қолдауын көрсетуді көздейтін Қазақстан бастамасымен қабылданған бірнеше қарарлар да бар.