12.07.2017
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ашылу салтанатына қазақстан тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімі Жансейіт Түймебаев пен Инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Роман Скляр қатысты, өзбек тарапынан Өзбекстан Республикасының Вице-Премьері Улугбек Розукулов пен Сырдарья облысының Әкімі Гофуржон Мирзаев қатысты.
2017 жылғы 22-23 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына іссапары барысында қазақстандық-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы екі елдер Үкіметтерінің арасындағы Келісім Хаттамасына қол қойылды.
Осы Хаттамаға сәйкес тараптар екі жаңа өткізу пункттерін ашуға келісті: «Сырдарья» ҚР - «Малик» ӨзР және «Целинный» ҚР - «Ок олтин» ӨзР.