• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ. Әбдірахманов бірқатар халықаралық құрылымдардың басшылығымен кездесті 11.07.2017

СІМ хабарлағандай,  министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЕҚБ) атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, ақшаны жылыстауға, адам саудасына қарсы күрес, экстремизм мен терроризмді алдын алу саласындағы, соның ішінде түрмелерде қамалғандарды дерадикализациялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыру туралы кең ауқымды мәселелер талқылады.

Бас хатшының орынбасары Жаһандық лаңкестікке қарсы желісін құру жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын жоғары бағалады және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық терроризмге қарсы күрес жөніндегі бүкіләлемдік ұйымның жұмысын шоғырландыру бойынша соңғы ұйымдық қадамдары Мемлекет басшысының тиісті бастамаларының тәжірибе жүзінде іске асықаны болып табылады деп атап өтті. ЕҚБ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сыртқы саяси бастамаларды, соның ішінде Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын (ЦАРИКЦ), сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары академиясы негізінде құрылған жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың өңірлік хабын қолдайды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясының ректоры Мартин Кройтнермен кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында құзыреті бар мемлекеттердің тәжірибесі Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

Мартин Кройтнер өз кезегінде Қазақстанның осы салада тамаша нәтижелерге қол жеткізгенін және елдің қолданыстағы оң жобаларымен бөлісе алатынын атап өтті.

Қ. Әбдірахмановтың Венаға сапарының бірінші күні оның қазақ мәдениетін шетелде насихаттауға бағытталған және ҚР дипломатиялық қызметінің 25-жылдығына арналған «Қазақстан Маржандары - Ұлы дала әуендері» атты Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі жобасы 15-ші концертінің мерейтойына қатысуымен аяқталды.  Аустриядағы қазақстандық инвестициялардың үлгісін көрсететін, елордалық «Ритц-Карлтон» қонақүйінде болған мерекелік іс-шараға  Қырғызстан Сыртқы істер министрі  Эрлан Абдылдаев, сондай-ақ Аустрияның саяси және экономикалық топтарының аса құрметті қонақтары, Венада тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

 


Back to the list