11.07.2017
«Бізге еңбек демалысында келетін адамдар дұрыс тамақтану, салмақ тастау сынды бағдарламалар бойынша медициналық тексерістен өтеді. Туристерден бөлек, белгілі диагноз қойылған науқастар Швейцарияға емделу үшін де келеді. Бұл көбінесе қатерлі ісік, жүрек аурулары», - деді А.Релжич.
Ол айтып өткендей, Швейцария өмір сүру тәртібі дұрыс елдердің бірі.
«Бұл салауатты өмір салтына байланысты. Ол дұрыс тамақтану мен қозғалуға да қатысты болып отыр. Салауатты өмір салты Қазақстанды да алаңдатады. Швейцарияның әдісін көру үшін қазақстандықтар жолға шығады», - деді ол.
Ол айтып өткендей, технология маңызды рөл ойнайтын медициналық кластер Швейцарияны медицина саласында үздік етеді.
«Салауатты өмір салты, алдын алу мен табиғатқа жауапкершілікпен қарау – медицина саласындағы үш маңызды сала. Өз қаржысына бізге келетін көптеген пациенттер өзін емдейтін дәрігер туралы барлығын білуі керек. Бізде дәрігерлердің санаты туралы жазылған ақпарат тақташасы бар. Швейцарияда науқаспен бекітілген дәрігер ғана айналысады. Сондай-ақ, емделген науқастың шығыны мен уақыты ақталады», - деді А.Релжич.
Айта кетейік, Swiss Health- барлық әлем науқастарына көмек көрсететін үздік швейцарлық госпиталь мен клиникалардың өкілдігі.
Қайрат Жандыбаев
Видео: Арман Мұхатов