• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Швейцария екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 10.07.2017

Кездесу барысында  «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында екіжақты іс-қимыл мәселелері, сауда-экономикалық серіктестік, сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

ИДМ  баспасөз қызметі хабарлағандай,  2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3%-ға артты). Екі жақ тарап та алдағы уақытта өзара экспортты ілгерілету мен тікелей бизнес өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету арқылы тауар айналымды арттыруға мүдделі.

Айта кетейік, 2005 - 2016 жылдары Швейцариядан Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16 млрд. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялықтардың қатысуымен 443 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 325-і жұмыс істейді.

 


Back to the list