• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Рамалла қаласында  Қазақстан-Палестина арасындағы саяси консультациялар өтті 10.07.2017

СІМ хабарлағандай,  Қазақстан дипломаты Палестина Премьер-министрі Рами Хамдалламен болған кездесуі аясында оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Палестина Президенті Махмуд Аббасқа арналған 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі алғашқы саммитіне қатысу жөніндегі шақыру хатын табыстады. Палестина Премьер-министрі М. Аббастың атынан ҚР Президенті Н. Назарбаевтың саммитке қатысу жөніндегі шақыруы хатына алғысын білдірді. Палестинаның Үкімет басшысы ҚР бұл бастамасының маңыздылығы мен дер кезінде қабылданғанын атап өтіп, палестина тарапы Астанада өтетін ИЫҰ саммитіне  ең жоғары деңгейде қатысатындығын растады.

А. Камалдинов өз кезегінде аталған саммит ИЫҰ мүше-елдер арасында ғылым және иновация саласындағы байланыстардың нығаюына, сондай-ақ, ислам әлеміндегі экономикалық даму саласындағы жобалардың жүзеге асуына және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ғылым мен технология рөлінің күшеюіне жаңа серпін беретінін жеткізді.

Сұхбат барысында Р.Хамдалла ҚР Мемлекет басшысының бітімгерлік саясатын жоғары бағалады және Президент Н.Назарбаевтың ғаламдық және аймақтық шиеленістерді, оның ішінде Сирия дағдарысын, Палестина мәселесін және т.б. проблемаларды шешуге бағытталған үлесін айрықша атап өтті. Палестина тарапы еліміздің Палестинаға түрлі халықаралық сахналарда қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында ынтымақтастық одан әрі жемісті жалғасатынына  үміт артты.

Сол күні ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы мәрте Палестина Сыртқы істер министрінің орынбасары Мазен Шамиямен саяси консультациялар өткізді. Іс-шара барысында саяси, экономикалық, инвестициялық және әлеуметтік-мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдар, олардың ішінде ИЫҰ, Еуразиялық Экономикалық Одақ ұйымдардың аясында екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Саяси консультациялар шеңберінде тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, олардың ішінде Палестина-Израиль бейбіт реттеу  процесі, Сирия және Ирактағы ахуал сондай-ақ т.б. мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.


Back to the list