• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана процесі көпжылдық дауды аяқтау үшін негіз салады - Ливан Президенті 05.07.2017

Кездесу барысында А.Қамалдинов Ливан мемлекетінің басшысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысына қатысуға шақыруын жеткізді. 

ҚР Президентінің Арнайы өкілі Ливан Республикасының басшысын саммитке дайындық процесімен таныстырды. А.Қамалдинов Президент М.Аунды Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарының жағдайы мен болашағы туралы толық ақпараттандырып, Бейруттің Қазақстанның БҰҰ ҚК-ге мүшелік етуге кандидатурасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы мен оның жұмысы туралы да айтып берді.

Дипломат Қазақстан-Ливан қарым-қатынастарының екіжақты және көпжақты форматтарын қозғай отыра, Қазақстанның әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі , соның ішінде сириялық дауды саяси-дипломатиялық реттеуге бағытталған күш салуы туралы айтып берді. 

Президент М. Аун Президент Н. Назарбаевқа Астанадағы ИЫҰ Саммитіне қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, екі ел өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие екенін айтты. 

Сондай-ақ М. Аун Қазақстанның және Президент Н.Назарбаевтың сириялық дағдарысты саяси реттеуде келіссөздер жүргізу үшін мүдделі тараптарға алаң беру бойынша күш салуын жоғары бағалады. 

Бұдан бөлек, Президент М. Аун Астана процесі көпжылдық дауды аяқтау үшін негіз салатынына сенім білдірді. 


Back to the list