• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО-2017 алаңында «Қорғас»ШЫХО» жобасының сегізінші таныстырылымы өтті 01.07.2017

Орталықтың саясат, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық-мәдениет салаларында табысты серіктестік орнатуда мүмкіндіктері зор.

Белгілі болғандай, екі елдің шекара маңында ынтымақтастық аймағын құру туралы идеясы Қазақстан Президентінің 2002 жылдың желтоқсан айныдағы Қытайға сапары барысында айтылған.  Дәл сол кезде жаңа үлгідегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың негізі қаланды.

«Қазіргі таңда Қорғас көпфункционалды хаб болып табылады, онда теміржол және автожол, автотасымалдау, газ құбыры, туристік мүмкіндіктер бар. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрылысымен қатар «Жібек Жолы экономикалық белбеуі» тұжырымдамасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілуде.  Біз әрі қарай жаңа  «бейбітшілік» жолдарын салуға, өзара түсініктікті одан ары дамытуға ниеттіміз», - деді Қорғас қаласының мэры  Мұрал Әбілмажин.

«ҚТЖ»Ұк»АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, таныстырылымға қатысушылар «Қорғас»ШЫХО-ның қор, өндіріс және көлік әлеуетімен танысты.

Қазақстандық-қытайлық дәстүрлі таныстырылымға айналған бұл шара әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. 


Back to the list