29.06.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісушіліктердің сәтті іске асырылу барысын атап өтті.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінде Катар павильонын ұйымдастырудың маңыздылығын айтты. Қ. Әбдірахманов ынтымақтастық үшін едәуір әлеуетке назар аударып, Катар мемлекеті басшылығының 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде, С. Аль-Мурейхи Катар Қазақстанға достық ел ретінде қарайтынын және өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Қ.Әбдірахманов бірқатар араб елдері мен Катар арасындағы қарым-қатынастардағы саяси дағдарыстың дамуына алаңдаушылық білдірді.
«Біз дау тараптары келіспеушіліктерді жеңіп, диалог арқылы жағдайды реттей алатынына сенімдіміз», - деді сыртқы саяси ведомство басшысы.