• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚТЖ  шетелдік  серіктестерімен ынтымақтастықты дамытуда 20.06.2017

«Қазақстан темір жолы»  ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай,  Cosco Shipping Cо. Ltd. Бас директорының орынбасары  Е Вэйлунмен «Ляньюньган порты» МК» ААҚ президенті Чжу Сянянмен кездесуінде «Қазақстан-Қытай Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпірінің қорытындысы мен «Ляньюньган қаласындағы қазақстан-қытай халықаралық логистикалық компаниясы» мен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бірлескен қызметін дамыту жайы қаралды.

Қ. Алпысбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен COSCO Shipping компаниясы ұсынған ғаламдық логистикалық қызметті пайдалану жайына тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде қазақстан тарабы ұсынысымен Ляньюньган порты және АЭА Құрғақ порты арқылы жүк ағынын өсіру мәселесі талқыланды.

Ченду қаласы (ҚХР) халық үкіметінің логистика және өткізу басқармасының бастығы Чэн Чжунвэй мен Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары Д. Гурбанов, М. Бахтадземен кездесіп, Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа бағдарына контейнерлік жүктерді тасымалдау жайы талқыланды.

Қазіргі таңда Чэндудан Еуропаға (Лодзь, Нюрнберг, Тилбург) пойыз тұрақты қатынауда. 2017 жылғы 4 айда Чэнду- Еуропа-Ченду бағдарымен 241 пойыз жіберілсе, өткен жылы осы мерзімде 45 пойыз ғана жасақталған болатын.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Иран теміржолы әкімшілігінің вице-президенті Э. Мохаммедпен,  «COALCO Development» ААҚ Директорлары кеңесінің төрағасы В. Драгановпен IRISL компаниясының президенті М. Саедимен кездесті.


Back to the list