19.06.2017
СІМ хабарлағандай, Индонезия Республикасының вице-президенті Юсуф Калламен кездесуде А. Камалдинов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Индонезия Президенті Джоко Видодоға Астанада 2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының алғашқы саммитіне шақыртуының түпнұсқасын табыстады.
Ол айтып өткендей, Саммиттің басты тақырыбына қарамастан, оны өткізу идеясы ИЫҰ барлық мүше елдерінің бейбітшілік пен келісім жолындағы бірігуі болып табылады.
Таяу Шығыста орын алып жатқан соңғы оқиғаларға қатысты вице-президент саммитті өткізу маңызды әрі қажет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, арнайы елші вице-президентті Қазақстанда өткен ШЫҰ саммиті мен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы туралы ақпараттандырды.
А. Камалдинов индонезиялық тарапты екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында көрмеге келуге шақырды.