• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда электр энергиясын тұтыну  2050 жылға қарай 50 пайызға артады 19.06.2017

«2050 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын  тұтыну  2016 жылмен салыстырғанда  50 пайызға артып,   сағатына  123 млрд киловатты құрайды. 2030-2040 жылдары  ескі қуаттылықттардың  жоспарлық шеттетілуі жүзеге асырыла бастайды. Осылайша  2050 жылға қарай болжанған қажеттіліктің  бесінші бөлігі ғана  әрекеттегі қуаттылық есебінен жүзеге асырылады. Осы орайда Қазақстан  алдында  көмір генерациясын немесе  ЖЭК-ті белсенді  дамыту  таңдауы  шығады», - деді Қ.Бозымбаев.

Министр айтып өткендей,  мұнайды  қолданудың шарықтау шегі  2030 жылы жүзеге асады.

«Қазақсатн  мұнай –химия  өнімін экспорттау  мен  мұнай-химия өнімін өндіруге аса көңіл бөлуі керек.  Бүгінде полипропиленді өндіру   жоспар бойынша  500 мың тоннаға,  полиэтиленді  800 мың тоннаға  арттыру мақсаты   тұр. ПЭО  тұтынуды  430 мың тоннаға арттырады. Болашақта мұнай-химия  саласының  өнімдерін, ПВХ-ны   Азияға, АБС-ны Қытайға,  жартылай дайын өнімді   Оңтүстік –Шығыс Азияға   экспорттық мүмкіндігін қолдана отырып, қосымша өндіру көздерін игеруді зерттеу керек», - деді Қ.Бозымбаев.   

Айта кетейік,  ЭКСПО-ның іскерлік бағдарламасы аясында Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асырудың әдістері» тақырыбымен (WSEC-2017) инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өуде. Форумға әлемнің 51 мемлекетінен келген 1000-нан астам қатысушы келді.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list