• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
WSEC-2017 дүниежүзілік конгресі – әлемнің энергетикалық проблемаларын тиімді шешудің жаңа серпіні  (ФОТО) 19.06.2017

«Бүгін болашақтың жалғыз орынды парадигмасы қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу экономикасына көшу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, «жасыл технологиялар» саласындағы ынтымақтастық пен тұрақты диалогтың берік институционалдық негіздерін жасау болып табылады. Осы бағыттағы ғылыми идеялар мен практикалық тәжірибе алмасу жер бетінің әр түкпіріндегі экологиялық таза энергетиканы қалпына келтіруге ықпал етеді. Астанада Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресін өткізу адамзаттың энергетикалық проблемаларының тиімді шешімдерін іздеуге жаңа серпін беретініне және экономикалық өсудің жаһандық моделін жетілдіруде едәуір үлес қосатынына сенімдімін», - деп оқып берді Нұртай Әбіқаев.

Еске сала кетейік, Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды іске асыру әдістері» атты тақырыппен WSEC-2017 дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресі өтуде.

Форумға әлемнің 51 елінен 1000-нан астам қатысушы келді.

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list