19.06.2017
WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азияда да алғаш рет өтуде. Форумның екі күнінде
300-ден астам баяндама, 80-нен астам ғылымы таныстырылым, макеттер мен түрлі инновациялық жобалардың видеоматериалдары таныстырылады және үш «дөңгелек үстел» мен көптеген пікір-таластар өткізіледі.
Форумның жұмысы төрт бөлімнен тұрады: 2050 жылға дейінгі әлем энергетикасының болашағы мен сценарийі; энергетикалық триллема теңгерімі: қауіпсіздік, қолжетімділік пен экологиялық тұрақтылық; әлемдік энергоресурстардың даму тренды; ғылыми кадрлық қамтамасыз ету.
Жетекші спикерлер Нобель сыйлығының төрт лауреаты, жетекші ғалымдар мен белгілі сарапшылар, әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында XXI ғасырдың жаһандық сын тегеуріндерін атап көрсетті, олардың ішінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және үшінші индустриалды революция бар. Дүниежүзілік Конгресс осы мәселелерді қарастыру үшін өткізілуде. WSEC ғалымдар мен инженерлер үшін кәсіби пікір-талас алаңы ғана болып қоймайды, сонымен қатар, энергетиканың шексіз мүмкіндіктерін ЭКСПО аясында ашық көрсетеді.
Қайрат Жандыбаев