• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Швецияның парламенттік делегациясы ШҚО-ның өндірістік әлеуетімен танысты 17.06.2017

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, қонақтар облыс әкімі Даниал Ахметовпен «Үлбі металлургия зауыты»АҚ болды.

Делегация мүшелері зауыттың құрулы тарихы және өндірістік әлеуетімен танысты.

Кәсіпорын сирек кездесетін металлдар өндірісімен айналысады. Әлемде тек үш зауыт ғана бериллий өндірсе, бесеуі – тантал шығарады. Осылардың бірі Өскеменде орналасқан және оның тағы бір ерекшелігі оның негізінде халықаралық ядролық отын банкі жасақталуда.

«Бұл қойманың мағынасы көптеген елдер атом энергетикасын дамытуды көздейді. Алайда уранды байыту технологиясының екі түрі бар, техникалық және әскери мақсатта. Яғни, кейбір елдер бейбіт мақсатта деген желеумен әскери қажеттіліктері үшін уранды байытумен айналысуы мүмкін. Сол себепті осы банкты құру ұсынылған болатын, оданкез-келген мемлекет ядролық отын ала алады», –деп көрсетілген хабарламада.

Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин атап өткендей, бұл ядролық қару ісіндегі  өте маңызды бастама.

«Сіздердің елдеріңізде халықаралық банкты құру – бұл Қазақстанның бүкіл әлемде бейбітшілік орнату ісіндегі ролін мойындау болып табылады», –деді ол.

Бұдан басқа, делегация көпұлтты аймақтың дәстүрі ұсынылған солтүстік жағалау кешенінің этноауылын аралады.  


Back to the list