16.06.2017
Маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем қол қойды.
Келісім логистиканы автоматтандыру үдерісін (жүктерді жеткізу мен тексеру), Қазақстанның барлық логистикалық орталықтарын біріктіру, теңіз және құрғақ порттарды бірыңғай логистикалық желіге қосу жайларын қарастырады.
Сондай- ақ, қол қойылған Меморандумда сауда және логистика саласын бірыңғай электрондық («PCS») терезесіне ықпалдастыру көзделеді. Бұл құжатқа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс жөніндегі комитет төрағасы Ғ. Әмрин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем қол қойды.
«Дубайдың әлемнің 40 еліндегі тәжірибесі көрсеткендей, қызмет түрлерін ықпалдастыру біздің бизнесіміздегі серіктестерімізбен бірге сауданы тез әрі қауіпсіз, тиімді жүргізуге көмектеседі. Сондықтан бүгінгі Қазақстандағы бұл шара бизнес тиімділігін көтерудегі елдердің сауда шешімінде инттеллектуальдық кепілдіктердің қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді», - «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем.
«Біз бұған дейін де Дубайдағы көлік дәлізі болып табылатын Джебель-Али өнімімен автокөлік, теміржол, әуе және теңіз көлігіне (Dubai Trade Portal) Дубай сауда порты арқылы кедергісіз өтуді қамтамасыз етіп, тәулігіне 50 мың транзакция жасаймыз»,- дейді Султан Ахмед бен Сулайем.
Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың айтуынша,электронды басқарудың «PCS» бірыңғай жүйесін енгізу жүк ағындарына қызмет етуді жаңа сапалық деңгейге көтереді.