• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Коц: Польшада өмір сүру үшін жақсы жағдайлар жасалған 15.06.2017

«Менің сапарымның мақсаты – ЭКСПО көрмесіне бару, сондай-ақ сапар аясында поляк диаспорасымен және Қазақстан Республикасының билік өкілдерімен кездесу. Экономика тақырыбы ең маңызды тақырып болып табылады, Польша мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынастары жайында көп жылдар бойы айтылып келеді, ол туралы біздің президенттеріміз де айтқан болатын. Осындай маңызды тақырыптың бірі «Полония» - поляк диаспорасы. Қазақстанда тұрып жатқан поляктар өздерінің ерекшелігін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтап келеді, сондықтан Полонияның қолдауы біз үшін өте маңызды», - деді М.Коц.

Сондай-ақ, вице-спикер ЭКСПО көрмесінде польшалық павильонда польша мәдениеті де көрсетілетінін атап өтті.

«Біз Польшаны қарқынды түрде дамып келе жатқан ел, жаңашылдықтар елі ретінде көрсетпекпіз, мұнда өмір сүру, жұмыс істеу үшін жақсы жағдайлар жасалған», - деп қосты М.Коц.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list