14.06.2017
Кеңес өз алаңында мемлекеттік органдар, дипломатиялвқ миссия, бизнес, зерттеу институттары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің басын қосты. Бұл өз кезегінде машина құрылысы саласындағы соңғы жағдайларды талқылауға, желіні кеңейтуге, жаңа іскерлік серіктестерді табуға, В2В кездесулерінде жаңа жобаларды жасақтап, талқылауға, трансшекаралық байланыстарды табуға, соңғы австриялық ноу-хаумен танысуға мүмкіндік береді.
ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы Іскерлік кеңес отырысының мәселелерімен тығыз байланысты, бұл өз кезегінде шараға оданда үлкен жауапкершілікті жүктейді.
«Бес жыл ішінде қазақстандық-австриялық серіктестік жақсы жағынан көріне білді. Қазақстанға австриялық тараптан құйылған ивестиция көлемі осы жылдар ішінде 4 млрд долл асты. Ал, Қазақстанның қорытындысы бойынша 663,9 млн еуроны көрсетті Австриядан Қазақстанға импорт көлемі 224,6 млн еуроны құрады. Қазақстан Автсрияға мұнай, бидай, кен мен металлдарды экспорттайды», - деп атап өтті Қазақстанның Машина құрылысы одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.
Сонымен қатар бірлескен жобалар саны 43 компанияға дейін артты, олардың ішінде OMV, Kapsch, Strabag, Bertsch, Porr, Siemens, Swarovski, VAMED, Doppelmayr, Christof Group және тағы басқалар бар.
Бүгінде қазақстандық-австриялық серіктестік қайта өңдеу секторының машинақұрылысы, химия, мұнайхимия, фармацевтика, логистика мен туризм салаларына бағытталған.
Іскерлік кеңестің отырысына 100-ден астам австриялық компания қатысуда.