• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  АҚШ-пен бірлескен 500-ге жуық кәсіпорын бар 14.06.2017

«Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Бұл кедендік шекарасы жоқ, 180 млн-нан астам халқы бар, сыртқы тауар айналымы шамамен 1 трлн доллар бірыңғай нарық. Біз Қытаймен жақын орналасқанбыз, ол АҚШ-тан кейінгі экономикасы үлкен мемлекет», - деді ведомство басшысы.

Министр атап өткендей, Қазақстанда инвестиция тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Бүгінде Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ пен түрлі салаларға бағытталған 20-ға жуық индустриалды аймақ жұмыс істейді. АЭА қатысушыларына рұқсат беру процедураларын жеңілдету және жеңілдіктер топтамасы қарастырылған. 

Сонымен қатар, үш мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, атап айтар болсақ,  «Нұрлы жол» - көліктік-логистикалық, индустриалды, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы және  2020 жылға дейін индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы -  ол қайта өңдеу саласында жоғары технологиялық экспортқа бейімделген өнімді өндіруге бағытталған. Мұнда түрлі мемлекеттік қолдау шаралары бар: несие бойынша пайыздық үстемақыны субсидиялау, сервистік қызмет көрсету, инвестициялық және салықтық артықшылықтар.

Айта кетерлік жайт, елімізде түрі салаларда америкалық капиталдың қатысуымен бірлескен 500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы он жылда Қазақстанға тікелей инвестиция ағымы 265 млрд. доллардан асып жығылды.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list