14.06.2017
«Бүгін америкалық бизнес өкілдері мен үкімет мүшелері және квазимемлекеттік сектор басшыларымен бірлесіп инвестициялық климатты қалай жақсартуға болатыны туралы талқыладық. Өз тарапымнан Қазақстанда жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалар туралы хабардар еттім. Дәлірек айтсақ, заң үстемдігі, сапалы мемлекеттік қызмет пен жекешелендіру реформалары туралы тарқатып айтып бердім», - деп түсіндірді Қ. Келімбетов.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, негізгі институттарды құру және дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Біз Астанада америкалық NASDAQ компаниясымен бірлесіп жаңа биржаны құрып жатырмыз, ол біздің акционеріміз атанған Шанхай биржасымен бірлесіп ІТ шешімдердің сәйкестігін қамтамасыз етеді. АХҚО 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен жұмыс істей бастайды», - деді Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, үшінші және төртінші жаһандық биржалармен серіктестік орнату Астанаға сәйкесінше танымалдылық пен мойындаушылыққа ие болуға мүмкіндік береді.
«Біз АХҚО алаңында негізгі нысандарды жекешелендіру жүргізіледі деген үміттеміз. Мәселен «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі «Air Astana» мен «ҚазАтомӨндіріс» компаниялары алдағы 12-18 айда ІРО-ға шығады. Бұдан басқа, біз жақында сәйкесінше реттеуші және қаржы қызметтерін реттейтін комитет құрдық. Бұл комитетті Англия, Австралия мен Дубай елдерінің реттеушілері басқарады және бұл реттеушіні халықаралық қауымдастық мойындайтын болады», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.
АХҚО жоспарында инвестициялық дауларды шешетін тәуелсіз сотты және арбритраждық орталықты құру бар. Бұл екі құқықтық институт АХҚО-ның қатысушылары мен өзгеде инвесторларға қолжетімді болады.
«Біз Инвестициялар мен даму минисрлігімен бірлесіп осындай қолжетімділікті МЖӘ аясында келісімге отыратын энергетика, тау-кен өндірісі секторына беруді ұйғардық», - деді спикер.
Сонымен қатар ол, АХҚО дамытуды жоспарлап отырған 5 негізгі бағытқа, яғни активтерді басқару мен капитал нарығын құруға тоқталды.
«Жеке тұлғалардың әл-аухатын басқару – исламдық қаржыландыру мен қаржы технологиялары. Бұл капитал нарығын құру, Қазақстандағы қор нарығын дамыту. Қор нарығы соншалықты дамымаған, біздің пайымымызша Елбасының тапсырмасымен жүргізіліп жатқан масштабты жекешелендіруді пайдаланып қалу мүмкіндігі бар. «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары жекешенлендірілетін болады, өздеріңіз білетіндей олардың жалпы капиталдандыру көлемі ЖІӨ-нің 40% құрайды және бұл Қазақстан экономикасындағы ірі трансформациялық өзгеріс болады. Бұдан басқа, активтерді басқару бар», - деп мәлімдеді Қ. Келімбетов.
АХҚО аймақтағы исламдық қаржыландыру хабы болуды жоспарлап отыр.
«Аймақ дегенде біз негізгі үш бағытты меңзейміз. Біріншісі бес мемлекетті қамтитын Еуразиялық экономикалық одақ. Екіншісі кең ауқымдағы Орталық Азия, яғни біз Орталық Азия нарығымен қатар Моңғолия, кавказ аймағы елдерінің нарығын қамтысақ деп отырмыз. Үшінші бағыт – «Біл белбеу-бір жол» жаһандық бастамасы үшін аймақтық хаб құру. Си Цзиньпиннің сапары аясындағы оның Н. Назарбаевпен кездесуі барысында Астана халықаралық қаржы орталығын құру мәселелері талқыланған болатын. Сонымен қатар, қытай тарапы шанхайлық қор биржасымен келісімді жан-жақты қолдады. Бұдан басқа, Жібек жолы қоры мен Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінің АХҚО құруға барынша қолдау көрсететіні айтылды», - деп толықтырды ол.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы атап өткендей, ЭКСПО-ға қатысып отырған елдердің делегация басшылары көрмені өткізу үшін жасалған қыруар шаруа мен көрме аяқталғаннан кейін кешенді пайдалану стратегиясына қанағаттанатынын және таңғалатынын жеткізуде.
«Стратегияның негізгі үш бағыты бар: АХҚО, жасыл технологиялар орталығы мен ІТ халықаралық стартап-хабын құру. Бұл мәселелер бойынша АХҚО мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуде», - деп түсіндірді Қ. Келімбетов.
Бүгінде NASDAQ сауда саласындағы ІТ шешімдер жеткізушісі болып табылады.
«Біз келіссөздер жүргізудеміз, NASDAQ АХҚО биржасының акционерлерінің бірі болады. Ал, биржаның өзі клиринг пен сетлмент процестерінен тұрады. Сонымен қатар, біз еуропалық ірі биржалардың бірімен келіссөз жүргізіп жатырмыз, олда біздің серіктесіміз болады. Жалпы, алғашқы нәтижелер туралы жылдың аяғында хабарлайтын боламыз деп есептейміз», -деп түйді Қ. Келімбетов
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қазақстандық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдері мен екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Америка бизнес-форумы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан экономикасының басым секторлары: машина жасау, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларына американдық компанияларды тарту, мұнда АҚШ тәжірибесі біздің кәсіпкерлер мен өндірушілеріміз үшін аса пайдалы болады.
Қайрат Жандыбаев