• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Президенті Грузия мен Қазақстанның энергетикалық әлеуетін қалай дамытуға болатыны туралы айтып берді 13.06.2017

«Грузия Президентімен аймақтық және жаһандық мәселелер тұрғысында пікір алмастық. Екі елдің әлемдегі жағдайдың дамуына және оның бағасына көзқарасы бір. Сонымен қатар, біз екі ел арасындағы экономикалық серіктестік мәселлееріән талқыладық. Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынас тұрақты және біз ешқашан оны бөлген емеспіз. Бүгінге Грузия президентінің сапары ЭКСПО көрмесінің және Грузия павильонының ашылуымен тұспа тұс келді», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев  атап өткендей,  келіссөздер барысында ауқымы кең мәселелер талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.

«Қазір Грузияны Қазақстан сияқты транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік бар. Сөйтіп, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығуға болады. Грузия арқылы өтетін газ бен мұнай көлік дәліздері де бар. Осыған орай біз Қазақстан компанияларына тиесілі Батуми мұнай терминалы мен портының мүмкіндіктерін талқыладық, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзара тиімді сауда ынтымақтастығының қажеттілігіне тоқталып, осы бағыттағы қатынастарды ілгерілетуге ниетті екенін білдірді.    

 

«Біз Грузиядан дәстүрлі түрде Батыс Қазақстан үшін қажетті азық-түлік өнімдерін, шарап өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидектерді сатып аламыз. Менң ойымша біз осы саладағы байланысымызды одан ары жалғастырамыз», - деді Н.Назарбаев.

Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев гуманитарлық және білім салаларына қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар туралы әңгімеледі.

«Біздің мәдени-гуманитарлық қатынастарымыз әрдайым жоғары деңгейде болды. Соны жалғастыра беру керек. Жастарымыз да дәстүрімізді жалғастырып, қарым-қатынастарымызды дамыта беру үшін университеттеріміз арасында студенттер алмасуды жолға қою мүмкіндіктері туралы әңгімелестік. Грузия Президентінің Қазақстанға сапары екіжақты байланыстардың маңызды мәселелерін шешу үшін біздің үкіметтеріміздің өзара іс-қимылына серпін береді деп сенемін, – деп түйді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен  кездесті.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list