• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен ЮНИДО ынтымақтастық болашағын талқылады 13.06.2017

ЮНИДО басшысы атап өткендей, шынайы сектордың қатысуысыз тұрақты даму өсіміне қолжеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, ол технологиялық аспектілерге, қаржыны рационалды үйлестіру, сауданы дамытуда жаңа әдістерді қарастыру, тиімділік пен өндіріс сапасын арттыруға назар аударды.

Бұдан басқа, ол ЮНИДО Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан экономикасын жаңғырту,  мемлекетті индустриалды дамыту мен экономиканы әртараптандыру бағдарламаларына белсенді қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

ҚР СІМ хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы ЮНИДО өкілін «ЭКСПО-2017» көрмесіне және министрліктің энергетика бойынша конференциясына белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.  Тараптар Қазақстан мен ЮНИДО-ның БҰҰ тұрақты даму міндеттерін жүзеге асыруда, «Оңтүстік-Оңтүстік» және «Солтүстік-Оңтүстік» форматындағы ынтымақтастықты дамытуда, заманауи және сенімді энергетика көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мүдделер ортақтастығын атап өтті.

Министр  Қазақстан Президентінің «Болашақ энергиясы» инвестициялар мен «жасыл» технологиялар орталығын құру туралы ұсынысына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. 


Back to the list