13.06.2017
Естеріңізге сала кетейік, Jumore басшылығымен келіссөз жүргізу ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың 2016 жылдың қыркүйегіндегі Шанxайға сапары аясында мүмкін болды. Jumore Қытайдың 60 000 астам мемлекеттік компаниясы қатысады, олар оның негіңінде өздерінің сатып алуларын жүргізеді. Электронды сауда алаңының тауар айналымы 2016 жылы 160 млрд долларды құрады, ағымдағы жылы 800 млрд доллар болады деп күтілуде. Бүгінде «Атамекен» ҚР ҰКП Jumore-мен жасаған келісімінің аясында қазақстандық кәсіпкерлер үшін аталмыш электронды алаң тегін негізде қолжетімді болып отыр.
«Бұл өзінің мүмкіндіктері бойынша қытай нарығына шексіз жол ашады. Енді ҰКП алдында ағымдағы жылы аталмыш алаңға жүз қазақстандық компанияны шығару міндеті тұр. Келісімге қол қою барысында «Атамекен» ҰКП Сыртқы сауда палатасыда өз үлесін қосты», - деп атап өтті ҰКП.
Бүгінде 15 қазақстандық компанияның 31 тауар түрі Jumore электронды сауда алаңында орналастырылған. Келісімге отыру барысында Jumore логистика қызметін іздестіру, кедендік тазарту, қытайлық талаптарға сәйкес тауарды сертификаттау барысында және тауарды қаптату мен ҚХР өзге де талаптарына байланысты көмек көрсетеді.
Д.Жиенқұлов