13.06.2017
ҚР СІМ хабарлағандай, Елші Буркина-Фасо көшбасшысына Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші Саммитіне шақыруын табыстады.
Елші әлеуметтік-экономикалық даму, ғылыми-техникалық прогресс, модернизациялау және кедейшілікпен күресу сияқты ислам әлемінің өзекті мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын қарастыратын форумның жұмысына Буркина-Фасоның қатысуы өте маңызды екенін атап өтті.
Р.М. Каборе шақыруды ризашылықпен қабыл алып, өз елінің Астана Саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады.
Ол Казақстанды Буркина-Фасо үшін жан-жақты қатынастарды дамытуды және нығайтуды қажет ететін Орталық Азиядағы достас әрі маңызды мемлекет ретінде ынтымақтастықты дамыту керектігін айтты.