09.06.2017
Бүгін ШЫҰ саммиті барысында Мемлекет басшылары Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ға қабылдау процесін аяқтау және мүше мәртебесін беру туралы тарихи келісімге қол қойды.
«Бүгін 2017 жылдың 9 маусымында елордада тарихи оқиға орын алды, біз ресми түрде ұйымға мүше болу үшін барлық шартарды орындаған Үндістан Республикасы мен Пәкістан Республикасын ШЫҰ-ға мүше ретінде қабылдадық. Сіздердің және өзімнің атымнан Нарендра Моди мен Мұхамад Наваз Шарифті ШЫҰ-ға мұше болуларымен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деп жариялады Н.Назарбаев.
ҚР Президенті атап өткендей, бұл тарихи жағдай Шанхай ынтымақтастық ұйымының кеңістігін кеңейтіп, халықаралық беделін арттырады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР ШЫҰ-ға төрағалық етуімен құттықтады.
Сондай-ақ, ШЫҰ мемлекеттерінің басшылары қорытынды құжаттарға қол қойды.
Қорытындылай келе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, бүгін кешке өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.
Ақбота Күзекбай