09.06.2017

ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің 17 отырысында бірқатар құжаттар қабылданады. Мемлекет басшылары Астаналық деклорацияға және экстремизмге қарсы ШЫҰ Конвенциясын қабылдайды.

Астанадағы саммит қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның экономикалық қызметін нығайту қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, ШЫҰ жақсы көрсеткіштері «Жаңа Жібек Жолы» бағдарламасын дамытумен байланысты, оны ШЫҰ-ның барлық мүшелері, бірінші кезеке Қазақстан қолдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанаға ресми сапармен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келді. Кездесуден кейін екі елдің көшбасшылары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып, Қызақстан Қытай телекөпіріне қатысты. Сонымен қатар, Астанадағы ШЫҰ саммитіне Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрагим Рахимпурдың, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф қатысады.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Арман Мұхатов, Бауыржан Жуасбаев