• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және Қытай бірлескен тікелей инвестициялар қорын құрмақ 09.06.2017

Бірлескен қор туралы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да хабарланды. Қордың нысаналы мөлшері $300 млн долларға дейін жетпек, инвестициялар географиясы – Қазақстан (50%) және ХХІ ғасырдың Теңіз жібек жолы мен Жаңа жібек жолы жоспарлары кіретін «Бір белдеу – бір жол» жобасын қамтитын басқа да елдер (50%).

«Осы бастаманың мәні – инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыру және ілгерілету. Осыған байланысты, private equity сияқты қолданылатын құралдар инвестициялық жобаларды іске асыруда анағұрлым тиімді болады. «China-Kazakhstan Nurly Investment Fund» қаражатын бірінші кезекте экономиканың басым секторларына, оның ішінде жоғары технологиялық, инновациялық және ғылымды қажет ететін жобаларды дамытуға бағыттау жоспарланып отыр», - деп түсіндірді «Қазына Капитал Менеджмент» Басқарма төрағасы Асқар Достияров.

Ол CITIC Group Corporation және Asia Investment Finance Group Ltd. сияқты инвестициялық корпорациялармен  бірлесіп private equity қорын құру ҚКМ үшін стратегиялық маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті.


Back to the list