09.06.2017
Иранның сыртқы саясат мекемесінің басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Иран бұл ұйымда бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие.
Сыртқы саясат мекемелерінің басшылары 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығының ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитіне дайындық, сондай-ақ Астана үдерісі шеңберіндегі сирия дағдарысын реттеуге бірлескен дипломатиялық күш-жігер мәселелерін қарастырды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын әзірлеу барысы талқыланды.
"Иран Қазақстанмен екіжақты, сондай-ақ көпжақты деңгейлерде көпқырлы әріптестікті нығайтуға бейілді. Тегеран Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам әлеміндегі бітімгершілік бастамаларын, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалайды", - деді М. Джавад Зариф.
Дипломат Астананы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің ашылуымен құттықтады.