08.06.2017
«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ ҚХР төрт ірі мемлекеттік банкінің бірі болып табылатынIndustrial and Commercial Bank of China (ICBC) құрамына кіреді.
Келісім «Бәйтерек» холдингісіне отандық кәсіпорындарға өнеркәсіптік даму, ақпараттық технологиялар, шағын және орта бизнесті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, трансферт және инновацияны енгізу салаларында және Қазақстан Республикасы үшін басымды болып табылатын басқа секторларда инвестициялық жобаларды іске асыруға қолжетімді пайыздық мөлшерлемелер бойынша қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді.