• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанаға Пәкістанның премьер-министрі мен Өзбекстан президенті  келді 08.06.2017

Хабар Агенттігі хабарлағандай, елордаға  делегациялар келе бастады. Астанаға  ҚХР төрағасы, Ауғанстан және Монғолия президенттері келген еді. Бүгін елордаға Пәкістан премьер-министрі  Наваз Шариф келді.Бұл елде  ШЫҰ бақылаушысы жоқ. Алайда, XVII отырысы барысында  Пәкістан мен Үндістан  ресми түрде қатысушы атанбақ.

ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимовтың  айтуынша, аталмыш елдердің қосылуынан кейін қатысушы елдердің мүшесі әлемдік  үлесте   43-44 пайызды құраса, қатысушы елдердің  ЖІӨ-сі 33 трлн долларды құрайды.

Сондай-ақ, Астанаға Өзбекстан басшысы ШЫҰ  отырысына қатысу үшін   келді. Шавкат Мирзиеев  ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, бірқатар келіссөздер өткізеді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына  25 жыл толып отыр. Сондай-ақ, Өзбекстанмен ынтымақтасқанға да  25 жыл толды.

Астанаға Халықаралық делегациялар  келіп жатыр. Жақын арада Тәжікстан мен Үндістан президенті де келмек. 


Back to the list