08.06.2017
Қазақстандық тарапқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев, ресейлік тарапқа Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласының мемлекеттік саясат департаментінің директоры Алексей Бакирей жетекшілік етті.
2016 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалының көлемі 10,6% артты. Автокөлікпен негізінен құрылыс тауарлары, өсімдіктен жасалған өнімдер, дайын тағам өнімдері мен тағы да басқа жүктер тасымалданған.
Отырыс барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалы көлемі жөнінде ақпарат алмасып, халықаралық автомобиль тасымалының қарқынды дамуын атап өтті.
Келіссөздер барысында тасымалдаушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, биылғы жылға үшінші елдерден және үшінші елдерге жүк тасымалдау үшін рұқсаттар алмасуға қосымша 4000 квота белгіленді. Екі жақ тасымалдаушылардың көлік заңнамасы талаптарын сақтауын, тұрақты автобус бағыттарының жұмысы мен тағы басқа мәселелерді талқылады.