08.06.2017
« «Бір белдеу-бір жол» Жібек Жолын дамыту идеясын айтып өткім келеді. Сіз ол туралы алғаш жариялаған болатынсыз, сол себепті біз «Нұрлы жол» мен ҰЖЖ-ны белсенді қолдадық. Осы уақыт аралығында Қазақстан Қытай шекарасынан бастап Каспий теңізіне дейін Қорғас пен Алматыны біріктірді», - деді Елбасы.
Қазақстан басшысы айтып өткендей, алда өтетін Шанхай ынтымақтастық саммиті өте маңызды шара.
«Осы күндері біз ШЫҰ отырысына қатысамыз, екі үлкен мүшені қабылдап, келіссөздер жүргіземіз. Мен сізге Қазақстан мен жеке маған деген қарым-қатынасыңыз үшін алғыс білдіремін, біздің халық қытай біздің жақын көршіміз ғана емес, дос, серіктес екенін де біледі. Біздің қарым-қатынасымыз өте тығыз,Қазақстанның дамуын Қытайдың дамуымен байланыстырамыз. Қытай жыл сайын өзіне лайық орынды иеленеді. Біз әрқашан сіздермен бірге боламыз», - деді Н. Назарбаев.
Қайрат Жандыбаев