• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада  ШЫҰ  жастар форумы  өтіп жатыр 08.06.2017

Халықаралық форум жұмысына Қазақстан, Ресей, ҚХР, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларуссия, Пәкістан және Индиядан келген жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысуда.

Форум бағдарламасы ШЫҰ Халықаралық жастар форумының жұмысы Жастар кеңесі, 2016 жылғы кеңес жоспарының қорытындылары мен 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылау бойынша тематикалық секциялар, семинар-тренингтер және пікірсайыс алаңдары, кездесулер мен мәдени шараларды құрайтын кешенді іс-шаралардан тұрады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының оныншы Жастар кеңесі отырысының ашылуында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысушыларға құттықтауын сөзін арнады.

Н. Ермекбаев өз сөзінде ШЫҰ жастар форумы жастарға әртүрлі салада ынтымақтастық орнату мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін атады.

Министрдің айтуынша, бүгінгі жастарға салынған инвестиция заманның қажеттілігін өтейтін және елдің инновациялық дамуын алға сүйрейтін ертеңгі өндірістің еңбек ресурсы.

«ШЫҰ жастар кеңесі географиясының кеңеюі Шанхай ынтымақтастық ұйымының жалпы мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді жастар алдында сөз алған Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жастар арасында радикализмнің алдын алу мәселесін көтерді.

«Жастар діни фанаттар мен экстремистік ұйымдардың өкілдері үшін ең әлжуаз топ саналады. Сондықтан, кәсіпкерлерді, спортшыларды, жастар лидерлері мен белсенділерін ауқымды жұмысты қолға алып, алдымен «проблемалы» жастарды қызықты шараларға, жобаларға, спортқа тартуға шақырамын. Бұл біздің ортақ болашағымыз үшін қажет дүние. Бұл оңай шаруа емес, бірақ маңызды шара», - деп атап өтті министр.

Отырыс қатысушылары 2016 жылғы кеңес жоспарының қорытындылары мен 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылап, ШЫҰ аясында жастар ықпалдастығын дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.

Жастар форумы ШЫҰ мүше мемлекеттердің жастары арасында жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге қолдауға бағытталған. Халықаралық форум Қазақстанның ШЫҰ Жастар кеңесіне төрағалығы аясында өткізілуде.


Back to the list