08.06.2017
ҚР Президенті өзінің қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді, онда сауда, экономика, қаржы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастық бойынша бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда.
Кездесуден кейін екі елдің көшбасшылары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағына барып, Қазақстан-Қытай телекөпіріне қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) тарихи саммиті қарсаңында Астанаға Ресей Президенті Владимир Путин келетінін айта кету керек.
Еске сала кетейік, Қытай делегациясының Қазақстанға сапары аясында дүниежүзіне әйгілі актер Джеки Чан кеше Астанаға қытай киносының фестиваліне келген болатын.
Қайрат Жандыбаев