• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б. Байбек Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті 07.06.2017

Алматы қаласының әкімі хабарлағандай, тараптар мәдениет, туризм, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Доминикан Республикасы СІМ басшысының Қазақстанға алғашқы сапары екі ел арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал ететіні айтылды. М.Варгас Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтетінін, оған Доминикан Республикасының да қатысатынын сөз етті.

«Алматы өңірлік қаржы орталығы, жеке капитал және сауда қаласы ретінде танымал, біздің делегация құрамында банк, өнеркәсіп қызметкерлері бар болғандықтан, нақтылы инвестициялық жобаларды талқылауға мүмкіндік бар», - деді ол.

Доминикан Республикасының СІМ басшысы Алматы әкімін өз еліне ресми сапармен келуге шақырды, болашақта Санто-Доминго мен Алматының бауырлас қалаларға айналатынына және екі қала арасында мәдени байланыстың мықтап орнығатынына сенім білдірді, «Смарт сити» бағдарламасы аясында тәжірбие алмасуға болатынын айтты.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға Алатау ауданындағы индустриялық аймақтың, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың әлеуеті көрсетілді.


Back to the list