07.06.2017
Кездесуге 30-дан астам елден Төтенше жəне Өкілетті Елшілер қатысты.Кездесудің мақсаты -ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің алдында дипломатиялық корпус өкілдерін АХҚО қызметімен таныстыру.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығын құру идеясының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екендігін айтты. АХҚО-ның бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бір бөлігі екендігіне тоқталды.
Қатысушыларға АХҚО негізгі стратегиялық бағыттары, мақсаты, аймақта капитал нарығын дамыту, активтерді басқару, ислам қаржыландыруы, қаржы технологиялары, «жасыл» қаржыны ілгерілету бойынша кеңінен ақпарат берілді.
Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер АХҚО-ның ерекшелігі оны болашақта сəтті қаржы орталығы ететініне сенім білдірді. АХҚО - ағылшын құқығы принциптеріне сай жұмыс істейтін ТМД-гі жалғыз қаржы орталығы болмақ.