07.06.2017
«Жібек жолы мен ЕАЭО бастамаларының түйіндесу процесі осы ауқымды жобалар арасындағы синергия үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, жылдам даму кезеңіне белсенді түрде шығуда. Қаржы құрылымдары мен қауымдастықтарды қолдау ЕАЭО-ның барлық елдерінің экономикалық даму жолында алға қарай жылжуға ықпал ететіні анық», – деді Т. Жақсылықов.
Ол биылғы жылдың ақпанында Бішкекте Жібек жолының Халықаралық сауда палатасы мен ЕАЭО Іскерлік кеңесі Жібек жолының Еуразиялық электрондық тауар биржасын құру жөніндегі келісімге қол қойғанын айта кету керек.
Қауымдастықтың ҚР-дағы өкілдігінің басшысы, ЕАЫ ҚБҚ президентінің кеңесшісі Алексей Смоляковтың айтуынша, бұл жағдайда биржалық механизм мен клирингтік өзара есеп айырысу механизмінің мультивалюталық режимде бірігуі ЕЫ ӘТШБ-ның ерекшелігі болып табылады. Ресей және Қазақстан банктерін тарту биржалық келісімдерге үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етті.
Алексей Смоляков Еуразия нарығына қатысушылардың барлығы бірыңғай электрондық биржалық алаң құруға ниетті екенін атап өтті. Осы ретте ЕАЫ ӘТШБ келісімдер көлемі соңғы уақытта едәуір өскен. Бүгін келісімдер Ресей және Қазақстан субъектілері арасында жасалып жатыр.
Еуро-Азиялық ынтымақтастықтың (ЕАЫ) қаржы-банк қауымдастығы 2013 жылғы 11 қыркүйекте тіркелген. Қауымдастықтың Қытайда, Сингапурда, БАӘ, Болгария, Беларусь, Қазақстанда және Ресей өңірлерінде өкілдіктері бар. Қаржы секторындағы 40-тан астам құрылым ЕАЫ ҚБҚ-ның мүшелері мен әріптестері болып табылады.
Қауымдастықтың мақсаты – бизнес-жобаларды іріктеу мен іске асыру, Еуразиялық инвестициялық жобалар банкін құру бойынша банкаралық ынтымақтастықты реттеу арқылы ұлттық қаржы нарықтарының қатысушылары – ШЫҰ, БРИКС, ЕАЭО, ЕО елдеріндегі қауымдастық мүшелерінің тиімді қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
«Еуразиялық ынтымақтастықтың әмбебап тауар-шикізат биржасы» АҚ-ның (ЕЫ ӘТШБ) негізі 2013 жылғы 10 желтоқсанда қаланған, бас кеңсесі Қазақстанда орналасқан.