• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қытай тынысы - Қазақстан» журналы жарық көрді 06.06.2017

«Қытай тынысы-Қазақстан» бірлескен  жобасы - екіжақты қарым-қатынастың өткені, бүгіні және болашағына сараптама жасайтын бірегей алаң. Бүгін шыққан басылым сапалы ақпарат пен саналы зерттеудің  көзіне айналуы керек. Журнал беттерінде  ШЫҰ қызметі  мен трансконтиненталды көліктік  және инфрақұрылымдық  жобаларға, гуманитарлық салаға орын берілген. Жарыққа шыққан басылым  елдер арасындағы ынтымақтастықтың дамуына  үлес қосады. Жобаның қатысушылары мен авторларына  шығармашылық табыс тілеймін», - делінген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың үндеуінде. Спикердің сәлемдемесін кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді. 

«Қытай тынысы - Қазақстан»  арнайы журналы Қытайдың Халықаралық радиосы мен «Іскерлік Қазақстан»  газетінің бірлескен жобасы. 

«Арнайы басылым  ҚХР мен «Іскерлік Қазақстан»  арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың жемісі. Біздің ынтымақтастығымыз Қытай мен Қазақстанға  сапалы әрі қызықты медиаөнімдерді ұсынады деген үміттеміз», - деді  Қытай Халықаралық радиосы директорының орынбасары Ху Баншен.

«Іскерлік Қазақстан» газетінің бас директоры Серік Қоржымбаев атап өткендей, арнайы шығарылым  Қазақстанға  ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға  ШЫҰ саммитіне қатысуға келуіне бағытталған. 

«Өзге елдердің журналистері дайындаған мақалалар  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарын тыңғылықты жариялауға мүмкіндік береді. Жалпы, басылым Қазақстан мен Қытайдың және ШЫҰ елдерінің  достастық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталады», - деді ол.  

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list