• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Абдрахманов БҰҰ ДБ аймақтық бюро директорымен кездесті 06.06.2017

Кездесу барысында Қ. Абдрахманов БҰҰ өкілдеріне «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді ат салысып жатқаны үшін, ЭКСПО аясында 13 маусымда БҰҰ күнін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Бұл БҰҰ-ның көрме тақырыбына қатты қызығушылық танытып отырғанын білдіреді.

Сонымен қатар, министр Қазақстан Президентінің көрме негізінде «Болашақ энергиясы» «жасыл» технологиялар және  инвестиция орталығын құру туралы бастамасына қолдау танытқаны үшін алғыс айтты.

«Орталықтың«Болашақ энергиясы» атауы шетелдік әріптестердің қолдауына ие болды.  Бұл орталықтың басымдық берілген бағыттарының бірі мемлекеттердің дамуына қолдау көрсету», – деп баса айтты сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Ж. Сұлтаноғлы Қазақстанның БҰҰ-мен түрлі бағдарламалар бойынша ынтымақтастығын жоғары бағалады. Тіпті,  даму үшін ресми көмектесу саласын атап өтті. Сонымен қатар, БҰҰ жоғары дәрежелі өкілі  Қазақстан мен Жапонияның Ауғанстандағы әйелдерге қолдау көрсету бойынша бірлескен жобасын ерекше атап өтті.


Back to the list