• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласында  бірлескен зерттеулер жүргізеді 06.06.2017

ҚР ҚАӨМ  хабарлағандай,  осы жылдың мамыр айының соңында Бангалор қаласында (Үндістан) ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мәлік Олжабековтың бастаған ҚР ҚАӨМ Қазғарыш делегациясының кездесуі өтті.

Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының («ISRO») басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар 2009 жылы қол қойылған ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар өздерінің ғарыш бағдарламаларын ұсынды және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту аясында ынтымақтастықтың сондай бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды: ғарыштық байланыс жүйелері; зымыран-тасығыштар және ғарыш зымыран кешендері; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелері; шағын спутниктерді әзірлеу; ғарыш техникасы компоненттерін әзірлеу.

Сондай-ақ, Бангалор қаласында қазақстандық делегация «ISRO» Спутниктерді интеграциялау және тестілеу ұйымына және «ISRO» Телеметрия, бақылау және басқару станциялап желісіне барды және қызметімен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастық жобаларды егжей-тегжейлі пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Back to the list