• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ШЫҰ елдері мәдениет министрлерінің 14-ші отырысы өтуде (ФОТО) 02.06.2017

Кездесуге Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Қазақстанның министрлерінің өкілдері келді.

ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келелі отырысты аша отырып, мемлекетаралық диалогтың тиімділігі мен маңыздылығын мәдениет саласы тұрғысынан атап өту өте қиын екенін ескертті. Қазақстан халықаралық ұйымның мәдениет векторын дамыту бойынша қадамдарын әу бастан қолдап келеді.

«ШЫҰ әлемде ең белсенді, әрі тұрақты дамып келе жатқан аймақтық ұйым болып табылады. Ол 16 жыл ішінде мүше-мемлекеттердің экономикасымен қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосты және қосып келеді де», - деді А. Мұхамедиұлы. 

Министр атап өткендей, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мәдениетсіз  мемлекеттің экономикалық пен саяси табысы мағынасыз деп ескерткенін еске салды.   

«Мәдениет елдеріміз арасындағы байланыстың берік платформасына айналу керек. Табысты мемлекеттің мәдениет саясаты рухани құндылықтарды насихаттау отырып қоғамды тұрақты дамытуға бағытталуы тиіс», - деп толықтырды  А. Мұхамедиұлы.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list